Новости

Бүгін, яғни 30 мамыр күні біздің «№1 Балалар үйі» балалар үйін «Жастар жылы» аясында Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің Жас мамандар мектебінің оқытушылары өздерінің қызықты бағдарламалары бойынша іс-шара өткізді. Балалардың көңіл күйлерін көтеру мақсатында концерттік бағдарламалар мен бірнеше ойындар ойнатылып, Жас мамандар өз тілектерін білдіріп сыйлықтарын табыс етті. Іс-шараға 64 балалар үйінің оқушылары, 4 тәрбиеші 15 жас мамандар қатысты.Қызығы мол тағы бір күндер артта қалды. Ал алда жайдары, жарқын жаз, көңілді демалыс тоқсаны күтуде. Барша балаларды жылының аяқталуымен, «Балалар» мерекесімен құттықтаймыз.