ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 12.03.2020 жылғы №20 қаулысына, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті, бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес колледжде келесі іс- шаралар жүргізілді:
Келесі санитарлық-профилактикалық іс-шаралар күшейтілді:

  • әрбір сабақтың алдында балада мазасыздық белгілерін анықтау үшін білімаушыларды толық тексеру жүргізіледі;
  • 50 санитайзер сатып алынып, білім алушыларға пайдалану ережелері жүргізілді;
  • әрбір 20 минут сайын дәретханада, білімалушылар көп жиналатын орталарда кварцтау жұмыстары жүргізіледі;
  • тазарту жұмыстары үзіліссіз жүргізілуде (корпуста, колледж жатақханасында дезинфекциялық құралмен ылғалды тазарту күшейтілген)
  • жіті респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ) жағдайына қосымша дәрі-дәрмек сатып алынды.
  • -топ жетекшілері білімалушылардың денсаулығын күнделікті бақылауда ұстайды;
  • санитарлық бюллетендер шығарылып, ЖРВИ- мен ауырған жағдайда түсіндіру жұмыстары жүргізілді;
    Білім беру үдерісінде:
  • бұқаралық, мәдени-спорттық іс- шараларға тыйым салынды;
  • сабақ кестесі өзгертілді;
  • колледжде оқу бір ауысымда жүргізіледі (8.00-13.00 уақыт аралығы)
  • кабинеттік жүйе тоқтатылды;

Қосымша ақпарат хабарланатын болады.

Түсіністік танытып қолдау көрсеткендеріңіз үшін алдын-ала алғысымды білдіремін.

Құрметпен, Алматы мемлекеттік
бизнес колледжінің директоры Г.К. Касымова