Жаңалықтар

2021 жылдың 23 қыркүйегінде  Алматы мемлекеттік бизнес колледжінде студенттерінің оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесін қолдану бойынша семинар өтті.

Мақсаты: білім алушылардың барлық оқу тапсырмаларына қатысты оқу жетістіктерін балдық-рейтингтік жүйеде бағалау.

Балдық-рейтингтік әріптік жүйесі:

– оқытушыға оқу жетістіктерінің әр деңгейіндегі білім алушылар  санатын объективті бағалауға және сенімді түрде саралауға мүмкіндік береді;

–жаңа шешімдер іздеуге және ғылыми-шығармашылық белсенділікті (креативті құзыреттілікті) дамыта отырып, оқу және оқудан тыс уақытта білім алушылардың жүйелі түрде өзіндік белсенді қажеттілігін ынталандырады;–оқу мен жеке жетістіктерін өзіндік бағалау рефлексияға әсер етеді.