Жаңалықтар

2020-2021 оқу жылының 23 ақпанында колледж директоры 1, 2, 3, 4 курс студенттерінің ата-аналарымен ата-аналар жиналысын өткізді.

           Ата-аналар келесі сұрақтарды қойды: 

Қаржы-экономикалық бөлімі

 

1.       

Жақында баламда өндірістік басталады. Ол практиканы тек колледж жіберген жерден ғана өтуі керек пе, әлде өзіміздің тұрғылықты жерден де өтуге бола ма?

Алматы қаласында тұратын студенттер өндірістік тәжірибені біздің колледжбен арнайы келісімшартқа отырған кәсіпорындардың базаларында өтеді. Басқа өңірлерде тұратын студенттер өндірістік тәжірибені ата-аналарының рұқсатымен студент және кәсіпорын арасындағы өзара келісімшарт негізінде ғана өтуге мүмкіндік алады. Бұл жағдайда тәжірибеден өту жауапкершілігі ата-ана мен кәсіпорынға жүктеледі.

Өндірістік тәжірибе аяқталған соң студенттер оқу орнына тәжірибеден өткендігін растайтын құжаттарды тапсырады (келісімшарт, күнделік, мөр басылған мінездеме).

Кәсіпкерлік бөлімі

2.       

Шалғай жерде тұруымызға байланысты интернет ұстамай қалады. Сол кезде балам сабаққа қатыса алмайды, ол баламның оқу үлгеріміне әсер ете ме?

Берілген тапсырмаларды, курстық және дипломдық жұмыстарды оқытушының электронды поштасына немесе «Қазпошта» арқылы колледж мекен-жайына жіберуге болады. Туындаған мәселе туралы сіздің балаңыз топ кураторына және пән оқытушысына алдын-ала жазбаша түрде хабарлағаны жөн.

3.       

Егер студент өзінің мамандығы бойынша жұмысқа орналасса, колледж осыны ескеріп, оны сабақтан босата ма?

Кәмелетке толғаннан кейін студент бос уақытында жұмыс істеуге құқылы. Біздің теориялық және практикалық сабақтардан ресми түрде босатуға құқығымыз жоқ.

4.       

Офлайн немесе онлайн режимін студенттің таңдауға мүмкіндігі бар ма?

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрықтары негізінде, Алматы қаласы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 16 қаңтардағы қаулысы негізінде 1 курс студенттеріне арналған сабақтар аралас форматта өткізіледі (тұрақты режим – 70%, қашықтан оқу – 30%). 2-3-4 курстың барлық мамандықтары үшін барлық теориялық сабақтар қашықтан жүргізіледі.

5.       

Жаңа директормен жалпы ата-аналар жиналысы жоспарланған ба?

Директормен жалпы ата-аналар жиналысы сәуір айына  жоспарланып отыр.

6.       

Колледж түлектеріне жұмысқа орналасуға көмек көрсете ме?

 

Түлектерді жұмысқа орналастыруды колледжбен жасалған өзара келісім шарт бойынша әлеуметтік әріптестер қамтамасыз етеді. Біз түлектердің жұмыс орнына келуін бақылаймыз.

Технологиялық бөлім

 

7.

1 курста неліктен арнайы пәндер оқытылмайды?

 

     

Оқытылатын пәндер тізімі ҚР Білім және ғылым Министрі бекіткен Үлгілік оқу жоспарына сәйкес, жетілдірілген Жұмыс оқу бағдарламасымен анықталады. 1 курста студенттер «Тамақтандыру кәсіпорындарындағы еңбекті қорғау», «Өндірістік оқыту» пәндерін оқиды. Мамандықты игеру үшін студенттер қоршаған ортаны қорғау және техникалық қауіпсіздік заңнамаларын білуі тиіс. Ары қарай 2 курста негізгі арнайы пәндер оқытылады.

8.       

Колледждегі сабақтар қашан басталады?

Елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруымен және  Алматы қаласының бас санитарлық дәрігерінің рұқсатымен  сабақ басталады.

9.       

4 курста оқыту қалай жалғасады?

«Тамақтандыру кәсіпорындарының өнім өндіру технологиясы және оны ұйымдастыру» мамандығы 3 курс студенттері «Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» Бағдарламасымен оқиды.

2020-2021 оқу жылының 6 семестрінде 3 курс студенттері «Тамақтандыру кәсіпорындарының аспазы» біліктілігін алады. 01.07.2021ж. мерзімінен бастап осы бағдарлама бойынша оқытуды қаржыландыру (стипендия мен ыстық тамақ) тоқтатылады, өйткені студенттер жұмысшы біліктіліктерін толық игерген болын саналады. 4 курста «Техник-технолог» біліктілігі бойынша (студент қалауымен) оқыту жалғастырылады, қаржыландыру көзі нақтыланып жатыр.

10.   

Тәжірибе қалай ұйымдастырылады және бірінші курстар тәжірибеден қайдан өтеді?

 

Бірінші курс студенттері үшін танысу тәжірибесі оқу үдерісінің графигіне сәйкес өтеді, офлайн режимде оқитын студенттер үшін танысу тәжірибесі колледж базасында өтеді. Онлайн режимде оқитын студенттер үшін  танысу тәжірибесі колледж порталында онлайн түрде өтеді.

11.   

Униформаны қалай сатып алуға болады және колледж қаржыландыра ма?

 

 

«Тамақтандыру кәсіпорындарының өнім өндіру технологиясы және оны ұйымдастыру» мамандығының студенттері үшін арнайы киім (униформа) міндетті. Арнайы киімсіз студенттер зертханалық-тәжірибелік сабақтарға, өндірістік оқыту және кәсіптік тәжірибе сабақтарына жіберілмейді. Оны сатып алу студенттердің ата-аналарына немесе олардың орнын басатын тұлғаларға жүктеледі. Студенттер үшін арнайы киім сатып алуды колледж қаржыландырмайды.

12.   

1 курстан кейін мамандықты ауыстыруға мүмкіндік бар ма?

Үлгілік Ережеге сәйкес, басқа мамандыққа ауысу 4 пәннен аспайтын айырмашылық болған жағдайда ғана мүмкін.