хабарландыру !

Қ.К. Жабағиев,

Алматы мемлекеттік бизнес

колледжінің директоры 

Құрметті әріптестер мен студенттер және ата-аналар!

Сіздерді 1 қыркүйек – Білім күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Биылғы жаңа оқу жылы аса маңызды тарихи оқиға – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр. Бұл биылғы оқу жылының мәні аса зор екенін айғақтайды. Сонымен қатар, Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің табалдырығын жаңа аттаған бірінші курс студенттері үшін де жоғарғы құндылыққа ие. Өйткені, олар мерейтойлық талапкер ретінде шежіреге енбек.

Қазiргi заман талаптарына сай жастарға бiлiм және тәрбие беру, оларды жан-жақты дамыту қоғам алдында тұрған басты мiндеттердiң бiрi. Осы орайда Алматы мемлекеттік бизнес колледжі де қарқынды жұмыс істеу үстінде. Біздің Бизнес колледжі – 70 жылдан астам уақыт бойы Қазақстанның техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы бизнес салаларын тәжірибелік тұрғыдан дамытуға бағдарланған мамандарды даярлаудағы жетекші оқу орындарының алдыңғы қатарлысы. Атына заты сай оқу орыны ретінде соны иновациялық құндылықтарды игерген, біліктілік әлеуеті жоғары, сапалы қоғам мүшелерін даярлауды басты миссиясы етіп алған.

Колледж алдағы уақытта сұранысқа ие мамандықтар бойынша жаңғырту және білікті мамандар даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу бағытында «Жас маман» жобасын жүзеге асырмақ. Бұл жоба республикалық деңгейдегі үздіктердің қатарындағы колледждің беделін одан әрі арттыра түсері сөзсіз. Өйткені, Бизнес колледжі нарықтың қазіргі заманғы қажеттіліктерін қанағаттандыруға қабілетті жоғары білікті орта буын мамандарын қалыптастырады. Біздің ұжым техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту – басты заман талабы екенін жан-тәнімен түсінеді. Сондықтан, біздің қасиетті қара­шаңырақ ұлттық руха­ни құнды­­лықтармен құнарланған, заманауи біліммен қаруланған бірегей білім ордасы. Осы ретте «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» дегендей, әр шәкіртін өз баласындай көріп, студенттерді өз ісіне деген адалдыққа үндеп жүрген әріптестеріме шынайы алғысымды білдіргім келеді.

Тәубесі көптің тәуекелі аз, табысы мол. Қашанда ауызбірлігіміз артып, ұлт игілігі үшін еңбектеніп, болашақ саналы қоғам мүшелерін тәрбиелеп, еліміздің дамуына сүбелі үлес қосудан ешқашан танбайық. Киелі қарашаңырақ – Бизнес колледжі әрқашан отандық кәсіпкерлік пен білім берудің биік мұнарасына айнала берсін!

Білім мерекесі әрбір шаңыраққа шаттықпен бірге ізгілік нұрын, қуаныш ләззатын сезіндірсін демекпін!