Нан пісіру, макарон және кондитер өндірісі

Мамандық: Нан пісіру, макарон және кондитер өндірісі

Біліктілік: 3W07210303 Наубайшы

Оқу мерзімі- негізгі орта білім /9 сынып негізінде – 2 жыл 10 ай

Оқыту түрі-күндізгі

Оқыту тілі- орыс тілі

Наубайшы-нан және нан-тоқаш өнімдерін пісіру бойынша маман. Нан-тоқаш өндірісінде мұндай қызметкер нан, тоқаш, орама және басқа да нан түрлерін өндірумен айналысады.

Өндіріс үрдісі таңдалған өнімдерге қажет қамырды илеуден басталады. Рецептке сәйкес наубайшы әртүрлі ингредиенттерді – ұн, қоспалар, бояғыштар таңдап, қамырды дайындауға кіріседі. Келесі қадам-болашақ өнімдерге пішін беру. Мұны қолмен немесе арнайы қалыптарға құю арқылы жасауға болады. Наубайшы дайын шикізатты пісіру беттеріне салып, жабдықты іске қосады. Содан кейін ол пісіру үрдісін бақылайды және өнімнің дайындығын анықтайды.

Колледжде оқу барысында сіз келесі кәсіби құзыреттіліктерді меңгересіз:

Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жұмыстарды орындау кезінде еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын сақтау;

Нан және нан-тоқаш өнімдерін өндірудің технологиялық үрдістерін жүргізу;

Кептірілген өнімдер, тоқаштар, дәмдеуішті (ұннан жасалған кондитерлік) өнімдерді өндірудің технологиялық үрдістерін жүргізу.

Әрине, қазіргі заманғы өндірісте наубайшының өмірін едәуір жеңілдететін заманауи автоматты жабдықты белсенді қолданады. Қамырды илеу және кесу, қалыптарға құю, пешке жіберу – қазір мұның бәрін машиналар жасай алады. Алайда, олар жасай алмайтын міндеттер қалады. Мысалы, қамырды күрделі формаларға кесу немесе әрлеу әлі де қолмен іске асырылады. Сондықтан наубайшының біліктілігі мен шеберлігі өндірісте өте жоғары бағаланады.