Менеджмент

Мамандық: Менеджмент (қолдану салалары бойынша)

Біліктілік: 4S04130101 Менеджер

Оқу мерзімі-

негізгі орта білім/  9 сынып негізінде – 2 жыл 10 ай

жалпы орта  білім /11 сынып негізінде-1 жыл 10 ай

Оқыту түрі-күндізгі
Оқыту тілі-қазақ тілі, орыс тілі

Менеджер-басқару қызметімен кәсіби түрде айналысатын, басқару шешімдерін қабылдауға және олардың орындалуын жүзеге асыруға құқылы адам.

Менеджер жұмысының мақсаты-ұйымның тұрақты бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету.

Колледжде оқу кезеңінде сіз келесі кәсіби құзыреттіліктерді меңгересіз:

Ұйым қызметкерлерінің еңбек функцияларын орындауы үшін тиімді іскерлік ортаны ұйымдастыру;

Нарықта тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) жылжытуға және имидж бен іскерлік беделді қалыптастыруға жәрдемдесу;

Жылжыту бағдарламаларында және  әлеуметтік желілерде бейіндер бойынша  жұмыстарды жүргізу;

Еңбек ресурстарын басқаруға қатысу;

Фирманың қаржы ресурстарын басқаруға қатысу.

Болашақ менеджерлер тек менеджментті ғана емес, сонымен қатар экономиканы, кадр ісін, ҚР заңнамасын, салық және салық салуды, жобаларды жоспарлау мен ілгерілетуді, іскерлік қатынастардың психологиясы мен этикасын зерделейді.

“Менеджмент” мамандығының түлектері жұмысқа орналасу үшін саланы таңдауда шектелмеген, себебі жақсы басқарушылар бүгінгі күні барлық жерде талап етіледі. Сауда компаниялары мен дүкендерге, қызмет көрсету компанияларына, өндірістік кәсіпорындарға және т. б. орналасуға болады.

 

Бейіндік пәндер:

негізгі орта білім/  9 сынып негізінде:

Оқыту тілі, алгебра, информатика

жалпы орта білім /11 сынып негізінде:

Оқыту тілі, Қазақстан тарихы, алгебра, информатика