директор блогы

ЖАБАҒИЕВ

ҚОЖАХАН КӨКІРЕКБАЙҰЛЫ

+7 (727) 292 77 68

Алматы Мемлекеттік бизнес колледжі Қазақстандағы техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы жетекші білім беру мекемелерінің бірі болып табылады.

1950 жылы құрылған колледж осы жылдары ел экономикасы үшін Орта буындағы 40 мыңға жуық мамандарды шығарды.  Соңғы жылдары стратегиялық басымдылық болып  сапалы білім беру қызметін көрсету және оқу үрдісін  жаңғырту болып табылады.

 Академиялық  пәндер мен тәжірибелік  дағдыларды оқыту тәсілдерінде өзгерістер орын алады.

 “Нан, макарон және кондитер өндірісі” мамандығы бойынша Финляндиядан Leipurin Group нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерін өндіруде әлемдік көшбасшылармен ынтымақтастығын атап кетуге болады.

Worldskills халықаралық деңгейдегі жарыстарға қатысу жұмыс мамандықтарын даярлау саласындағы жаһандық үрдістерге қатысуға мүмкіндік берді.  Жыл сайын оқу процесін жабдықтау үшін қажетті жабдықтарды толықтыруға бөлінетін қаражат көлемі артады. Жылдан жылға оқу орны бизнес білім саласында көшбасшы болып келеді.