Новости

                                                                           «Көңілді старт» эстафетасы көңілді өтті 
1 маусым күні Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің сыртқы стадионында дене шынықтыру және спорт бөлімі және жас мамандардың ұйымдастыруымен «Көңілді старт» эстафеталық жарысы өтті. Шараның негізгі мақсаты Жастар жылы, Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жастар арасында кеңінен насихаттау, жастар арасында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, жастарды спортқа баулу. Шараның ашылу салтантына Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің басшылары, оқытушылары мен студенттері қатысты. Колледж директоры Касымова Гульфайруз Кабденовна жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. 
Эстафеталық жарыс 10 кезең бойынша өтті. Жеңімпаздарға арнайы бағалы сыйлықтар мен дипломдар табысталды. 

І орын «Барыс» командасы жеңіске жетті

ІІ орынды «Бүркіт» командасы

ІІІ орынды «Қыран» командасы иеленді